Пётр Себастьян Зелиньский[1] (пол. Piotr Sebastian Zieliński; 20 мамыр 1994 жыл, Зомбковице-Слёнске, Польша) — поляк футболшысы, жартылай қорғаушы. 2016, 2020 жылдары Еуропа чемпионатына, 2018, 2022 жылдары әлем чемпионатына қатысты.
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Пётр Зелиньский |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
20 мамыр 1994 (1994-05-20) (30 жас)
|
---|
Бойы |
177
|
---|
Позиция |
жартылай қорғаушы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Наполи
|
---|
Номері |
20
|
---|
2003—2007
|
Ожель (Зомбковице-Слёнске)
|
2007—2011
|
Заглембе (Любин)
|
2011—2012
|
Удинезе
|
2012—2016
|
Удинезе
|
19 (0)
|
2014—2016
|
→ Эмполи
|
63 (5)
|
2016—
|
Наполи
|
253 (34)
|
2013—
|
Польша
|
80 (10)
|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Футболдық мансабын туған қаласындағы «Ожель» клубында бастады. 2007 жылы ол Заглембе клубына қабылданды. Төрт жылдан кейін италиялық «Удинезенің» жастар командасына ауысты.
Жартылай қорғаушы А сериясындағы дебютін 2012 жылы 2 желтоқсанда "Кальяриге" қарсы матчта өткізіп, кездесудің соңғы минутында Антонио Ди Наталени ауыстырды[2]. 2013 жылдың 22 тамызында Зелински алғаш рет УЕФА Еуропа лигасында өнер көрсетті. «Слован Либерецке» қарсы плей-офф раундының бірінші матчында поляк футболшысы Джампьеро Пинцидің орнына шықты[3].
2016 жылдың 4 тамызында «Наполи» командасымен бес жылдық келісімшартқа қол қойды[4]. 2023 жылдың мамыр айында Италия чемпионы атанды.